Ақтөбе облысында ауыл тұрғындарының белсенділігі жоғары - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе облысында ауыл тұрғындарының белсенділігі жоғары

19.03.2023

Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау - Президент ұсынған саяси реформаларды жалғастыруы тиіс. Ақтөбе облысындағы үйлері мен аулаларына қарғын су кірген ауыл тұрғындары да бүгінгі сайлаудан тыс қалған жоқ. Қазірге дейін олардың негізгі бөлігі өз таңдауларын жасап үлгерді. Өңірдегі меншікті тілшіміз Жақсыбек Кемал тікелей байланыста. Жақсыбек, қазір қай ауылдасыз, халықтың белсенділігі қалай?

Жақсыбек Кемал, тілші:

Қазір мен Мәртөк ауданының Сарыжар ауылында тұрмын. Бұл ауылға да қарғын су кіріп, тұрғындарды біраз әуреге салған еді. Алайда, қазір жағдай реттелген. 6 мыңға жуық халқы бар елдімекенде 2 сайлау учаскесі тәңертең белгіленген уақытта өз жұқмысын бастады. Тұрғындар өз таңдауын жасап, саяси науқанға белсенді қатысып жатыр. 

Тәрбия Байтүгелова, ардагер ұстаз:

Қазіргі ауылдың жағдайы жақсы.қар суының келіп ауыл тұрғындарын әуре-сарсаңға түсіргені рас.Бірақ ауылдың белсенді азаматтарының арқасында ауылымыз аман.Тұрақталып, жақсы жағдайда жүріп жатырмыз.Мен де өз таңдауымды өз учаскеме келіп жасадым.Ендігі кезекте ҚР азаматттарын және ауыл тұрғындарын бір ауыздан дауыс беруге шақырамын.

Жақсыбек Кемал, тілші:

Сұхбатыңызға рахмет! Қарғын су негізінен Қобда, Ойыл аудандарының тұрғындарын да әуреге салған еді. Бірнеше әлеуметтік нысан мен 90-ға жуық үйге су кірген. Баспаналары бүлінген тұрғындарға көмек көрсетілетіні хабарланды. Қазір судың беті қайтты. Барлық елдімекендегі сайлау учаскелері еш кедергісіз жұмыс істеп тұр.

Жақсыбек Кемал

Хабарламаларға жазылу