Украинаға Батыс әуе танктері жеткізіле бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украинаға Батыс әуе танктері жеткізіле бастады

28.03.2023

Украинаға Батыс әуе танктері жеткізіле бастады. Бүгін Германиядан шынжыр табанды 18 «Леопард-2» техникалары апарылды. Оларды қолданатын экипаж мүшелері Еуропада дайындықтан өткен. Сонымен қатар, Киевтың мәлімдеуінше, елге Ұлыбританиядан «Челленджер-2» танктері де келіп жатыр. Германия қорғаныс министрі Борис Писториус бұл қарудың майдан даласында «шешуші рөл» ойнайтынына сенім білдірді. Ал Украина армиясы Ресей әскерін елден ығыстыру үшін НАТО мемлекеттерінен заманауи арсеналды бірнеше айдан бері сұрап келеді.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу