Нетаньяху: Израиль оқ атуды тоқтатпайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нетаньяху: Израиль оқ атуды тоқтатпайды

31.10.2023

Израиль әскері Газа қаласына үш бағыттан жақындап келеді. Мұны «New York Times» газеті хабарлап отыр.

Спутниктен түсірілген суреттерден армия мен брондалған көліктер, қалаға солтүстік, шығыс және оңтүстікен бара жатқанын көруге болады. «Қазір соғыс уақыты» деп мәлімдеген Премьер-министр Биньямин Нетаньяху Израиль атысты тоқтатпайды деді. Ал дүйсенбідегі операция барысында ХАМАС кепілінен бір израильдік әскери босатылған. Шабуылдан көз ашпай отырған палестиналық анклавта жағдай күрделі. Гуманитарлық ұйымдар сектордың 2 миллион 300 мың тұрғынына көмек жетпей жатқанын мәлімдеп дабыл қағуда. Хамас тобының 7-қазандағы шабуылынан кейін Израиль Газа секторын толық блокадаға алды. Қоршауда қалған палестиналықтарға гуманитарлық көмек тек өткен аптадан бері жеткізіле бастады. Дегенмен оның көлемі мардымсыз. Газа секторында Израильдің әуе шабуылдарынан қаза тапқандар саны 8 мыңнан асты.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу