ЕҚЫҰ байқаушылары жұмысын аяқтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ЕҚЫҰ байқаушылары жұмысын аяқтады

27.03.2023

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының байқаушылары Қазақстандағы жұмысын аяқтады. Бүгін сайлауды қадағалау миссиясының басшысы Оуэн Мёрфи Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровпен қорытынды кездесу өткізді. Мерфи биылғы науқан «кандидаттарға өзін-өзі ұсынуға мүмкіндік беріп, саясаткерлер арасында бәсекелестікті арттырып, сайлаушылардың таңдау жасау мүмкіндігін ұлғайтқанын» атап өтті.

Оуэн Мерфи, ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросы миссиясының басшысы:

Алдымен науқанды ойдағыдай өткізіп алғандарыңызбен құттықтаймын! Биылғы сайлау барысы бұрынғыдан өзгерек болды. Біршама жаңашылдықтар енгізілді. Соған қарамастан жұмыс нәтижелі болды деп ойлаймын.

Айя Мүтәлі

Хабарламаларға жазылу