Павлодар қаласындағы Ленин кентін қар суы шайып кетуі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар қаласындағы Ленин кентін қар суы шайып кетуі мүмкін

10.03.2017
Сондықтан, «Көктем-2017» республикалық командалық-штабтық жаттығуына жиналған бар техника ауылды қардан тазалауға жұмылдырылды.

Павлодар қаласына кіре берістегі Ленин кентін еріген қар суы шайып кетуі мүмкін. Сондықтан, «Көктем-2017» республикалық командалық-штабтық жаттығуына жиналған бар техника ауылды қардан тазалауға жұмылдырылды.

Биыл өңірге қар мол түсіп, екі күннің бірінде боран соқты. Сондықтан, апаттың алдын алған мамандар жаттығу емес, нақты жұмыс істеді. Тіпті, көмекке әскерилерді шақырды. Нәтижесінде, кентке қауіп төндіретін 5 бірдей аумақ анықталды.

Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу