Түркияның сайлау учаскесінде күй күмбірледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркияның сайлау учаскесінде күй күмбірледі

19.03.2023

Түркияның Ыстамбұл қаласындағы №255 сайлау учаскесінде тіркелген 500-ге жуық дауыс берушінің көпшілігі түске дейін таңдауларын жасап үлгерді. Азаматтық борышын өтеуге келгендер арасында әсіресе жастар көп. Солардың бірі кішкентай Томирис бүгінгі саяси науқанның көңілді өтуі үшін арнайы ала келген домбырасымен күй шертіп, сайлау учаскесіне ерекше атмосфера сыйлады. Елден жырақта жүрген отандастарымыз қара домбыраның күмбірін естіп бір марқайып қалды. Қазақстаннан бірнеше күнге қонаққа келген Ақсерік Әйкенов ел ертеңіне сеніммен өссін деп саяси науқанға немерелерін арнайы ала келгенін айтады.

Ақсерік Әйтімов, Қазақстан азаматы:

Бүгін осы бүлдіршіндеріммен кездесем деп Ыстамбұл қаласына келген едім. Жаңа Қазақстанды құрамыз деп балаларды жан жақта оқытып жатырмыз. Жаңа Қазақстанның дамуына өз септіктерін тигізеді деп ойлаймын. Біздің дәстүрлі ұлттық домбыраны көрсетейік, сәл септігімізді тигізейік деп келіп тұрмыз.

Айдос Әшімұлы



Хабарламаларға жазылу