Сайлау уческелерінде дауыс беру аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сайлау уческелерінде дауыс беру аяқталды

20.11.2022

Уақыт айырмашылығына байланысты бірқатар шет мемлекеттердегі сайлау учаскелерінде дауыс беру жаңа ғана аяқталды. Енді дауыс беру жәшіктері ашылып, бюллетендерді сұрыптау жұмыстары басталады.

Айдос Әшімұлы, тілші:

Мен тұрған Ыстамбұл қаласындағы №255 сайлау учаскесінде дауыс беру жаңа ғана аяқталды. Жергілікті уақытпен таңғы жетіде ашылған учаскеге осында оқитын, жұмыс істейтін және басқа да себептермен Түркияда жүрген қазақстандықтар лег-легімен келіп, елден жырақта жүрсе де отан алдындағы азаматтық жауапкершілікті сезінетіндіктерін көрсетті. Дауыс бергендердің арасында әсіресе жастар көп болды. Бұл да болса олардың ел ертеңіне бей-жай қарамайтындықтарын білдірсе керек. Осы учаскедегі дауыс берудің қалай өткені және тізімдегі сайлаушылардың белсенділігі қалай болғанын сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Бекайдар Сарыдан сұраған едік.

Бекайдар Сары, Ыстамбұл қаласындағы №255 сайлау учаскесі комиссиясы төрағасының орынбасары:

ҚР Ыстамбұл қаласындағы бас консулдығы жанынждағы 255 сайлау учаскесінде ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы ҚР заңдарына сәйкеес өтті. Ешқандай құқық бұзушылық болған жоқ. Ыстамбулда тұратын Қазақстан азаматтары оқып жүрген, жұмыс істеп жүрген және туристік сапармен келген дауыс беруде белсенділік өте жоғары деңгейде көрсетті. Қазір сайлау үдерісі аяқталды.

Айдос Әшімұлы, тілші: 

Түркияның үш қаласы, яғни Анкара, Ыстамбұл мен Анталиядағы сайлау учаскелері жұмыстарын осымен тоқтатты. Алдын ала мәлімет бойынша Түркияда тіркелген екі мыңнан аса дауыс берушінің басым бөлігі бүгін өз таңдауын жасаған. Қазір дауыс беру жәшіктері ашылып, комиссия мүшелері бюлеттендерді санау жұмыстарына кірісті. Дауыс берудің қорытындысына қатысты нақты мәліметтер ертең белгілі болмақ.

Хабарламаларға жазылу