Соңғы мәлімет бойынша, Қызылорда облысында тұрғындардың 54 пайыздан астамы өз таңдауын жасап үлгерді. Бүгінгі саяси шарада мүмкіндігі шектеулі жандардың да дауыс беруіне бар жағдай жасалған. Олар үшін өңірде 34 инватакси қызмет көрсетуде.
Әділбек Серікұлы, тілші:
Облыс бойынша мүмкіндігі шектеулі 3 мыңға жуық адам дауыс беру құқығына ие. Оларға 42 онлайн сурдоаудармашы, 2 мыңнан аса жеке көмекші қызмет көрсетеді. Ал көру қабілеті бұзылған жандарға бюллетендерді толтыру үшін дауыс беру кабиналарында арнайы аудиоматериалдар мен трафарет қойылған. Тірек-қимыл қозғалысы қиын сайлаушылардың қалада 13, аудандарда 21 инвотакси сайлау учаскелеріне келуін қамтамасыз етуде.
Жалпы осы уақытқа дейін өңірде 263 мың адам өз таңдауын жасап үлгерген. Бұл – аймақтағы сайлаушылар санының шамамен 54 пайызы. Ал облыста 13 жабық сайлау учаскесінде дауыс беру аяқталды.
Әділбек Серікұлы