Жамбыл облысында майдангер ата да өз таңдауын жасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысында майдангер ата да өз таңдауын жасады

19.03.2023

Жамбыл облысының тұрғындары да бүгінге сайлауға белсенді қатысып жатыр. Бұл аймақта 700 мыңнан астам адамның дауыс беруге құқығы бар. Қазір Тараздағы №50 сайлау учаскесінен әріптесім Данияр Әлімқұл тікелей эфирге қосылды. Данияр, сөз өзіңізде.

Данияр Әлімқұл, тілші:

Қайырлы күн, Дархан! Жамбыл облысының тұрғындар да таң сәріден тұрып, сайлау учаскелеріне асығып, ағылып келіп жатыр. Жалпы, облыста 499 сайлау учаскесі бар. 717 090 сайлаушы дауыс бере алады. Мен қазір №50 сайлау учаскесінде тұрмын. Міне, іштегі көрініс: сайлаушылар бірі кіріп, бірі шығып жатыр. Мұнда омырауы орденге толы ардагер атамызды көріп тұрмын. Майдангер журналист, соғыс көрген ақсақалымызды сөзге тартып, сұқбаттасып көрейік.

Данияр Әлімқұл, тілші:

Армысыз ата! О, мен сізді танимын. Майдангер журналист, ардагеріміз. Азанымен азаматтық таңдау жасауға келіпсіз. Сіз үшін сайлаудың маңызы не?

Ережепбай Мүтәліп, соғыс ардагері:

Сайлаудың мен үшін маңызы зор. Осы күнге жету үшін әділетті Қазақстанды көру үшін соғыстық кеше. Дұрыс таңдау жасайық! Дауыс берейік.

Данияр Әлімқұл, тілші:

Облыста 4448 адам үйден дауыс беру туралы өтініш жазған. 11330 қарт сайлаушы, 9478 алғаш дауыс беретіндер. Жалпы, Жамбыл облысының халқы саяси науқандарға үнемі белсенді қатысады. Бүгін де, міне, жұдырықтай жұмылып, өз таңдауларын жасап жатыр.

Данияр Әлімқұл


Хабарламаларға жазылу