Жетісу облысында мәслихат депутаттар өз таңдауын жасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жетісу облысында мәслихат депутаттар өз таңдауын жасады

14.01.2023

Жетісу облысынан Сенат депутаттығына 3 үміткер тіркелген болатын. Бүгін аймақтағы мәслихат 148 депуттаттың 132-сі өз таңдауын жасады. Сайлау барысында ешқандай заңбұзушылық тіркелген жоқ. 100 депутат қазіргі сенатор Амангелді Толамисовқа дауыс берсе, 29 депутат Ғабит Тұрсынбайдың кандидатурасын қолдаған.

Самал Қабышева, облыстық мәслихат депутаты:

Өздерінің негізгі миссиясы халықтың мүддесі үшін жұмыс істейді деген үміттемін. Енді тек қана ол жаққа барып, жылы орында отыру емес, халықтың мәселесін көтеру, шешу. Егер де сондай жағдай болатын болса, біз қазір жаңа Қазақстан деп жатырмыз, сол мәселелер шешімін табады деп ойлаймын.

Ал Атырау өңірінен Парламент Сенаты депутаттығына үміткерлер ішінде ең көп дауысты Әлібек Нәутиев жинады. Мамандығы заңгер. VII шақырылған облыстық мәслихаттың хатшысы. Бұған дейін аймақ әкімінің орынбасары қызметін атқарды. Оған таңдаушылардың 81-і дауыс берді. Ал, қалған екі кандидаттың бірі 30, екіншісі 6 дауыс жинады. Жалпы, сайлауға 9 мәслихаттан 132 депутаттың 119-ы қатысты.

Қуаныш Қанатұлы


Хабарламаларға жазылу