Мемлекет басшысы азаптау мен басқа да қатыгездіктің алдын алуға қатысты заңға қол қойды. Аталған заң – елімізде жүргізіліп жатқан саяси және құқықтық реформалардың жүйелі жалғасы. Атап айтқанда, құжатта мынадай нормалар қарастырылған. Қатыгез немесе адамның қадір-қасиетін қорлайтын қарым-қатынас үшін жауапкершілік қарастырылады; азаптау үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту шаралары қатаңдатылады; заңсыз әрекеттердің алдын алу үшін тергеу амалдары кезінде аудио және бейне таспалау жүйесін қолдану мүмкіндіктері кеңейтіледі. Сонымен қатар, заң сотталған адамдарға бірқатар қосымша құқық береді; сотталған адамды ауыр дертке шалдығуына байланысты жазасын өтеуден босату туралы сот шешімі дереу орындалады (бұрын сотталғандар соттың шешімі заңдық күшіне енгеннен кейін ғана босатылатын); сотталған әйелдер мен олардың балалары арасындағы әлеуметтік байланысты сақтау үшін оларға өз балаларын колонияда қалдыруға рұқсат ету мерзімі 3 жылдан 4 жылға ұзартылды.
Ғабит Бөкенбай