Иә, Сенатта жұмыс көп. Заң шығарушы орган - Мәжіліс таратылғалы палатаның функциясын Сенат атқарып жатыр. Екі ай ішінде 36 заң қабылданды.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
Олардың тоғызы Парламент депутаттарының бастамашы болуымен әзірленді. Жалпы осы аралықта қабылданған заңдар Президенттің тапсырмаларын орындауға және аса маңызды мәселелерді шешуге бағытталған. Бұл заңдар халықтың әл-ауқатын жақсартуға, еліміздің қаржылық-әлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыз етуге, сондай-ақ мемлекеттік құқықтық саясатты жетілдіруге өз үлесін қосатыны сөзсіз.
Нұрбек Бекбау
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мәжілістің функциясын Сенат атқарып келеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/news/173098/)