Жалған сертификатпен тауар сатқандар қылмыстық жазаға тартылмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жалған сертификатпен тауар сатқандар қылмыстық жазаға тартылмақ

04.11.2014
Жалған сертификатпен тауар сатқандар қылмыстық жазаға тартылмақ

Қазақстанда техникалық регламентті бұзғандарға қылмыстық жаза қарастыру ұсынылды.

«Бүгінгі таңда сертификатталмаған тауар немесе жалған сертификатты тауар әкелу және оны растамай сату тиімді. Ондай жағдайда салынатын айыппұл мөлшері күлкілі. Ал, кәсіпкерлердің сондай тауарларды сатудан табатын пайдасы мол. Сондықтан, олар көлеңкелі саудамен айналысады», - дейді халық қалаулысы Азат Перуашев. Оның айтуынша, бүгінгі таңда техникалық реттеуде тәртіп бұзушылықтарға жол беріліп отыр.

Депутаттың сөзіне қарағанда, егер сертификаты жоқ немесе жалған сертификаты бар тауарлар саудаға түскені анықталса, қадағалаушы органға ондай тауарды тәркілеу құқығын беру керек. Өзге елдерде осылай. Перуашев аса ірі автоконцерндердің ақауы табылған көліктерді кері қайтарып, жөндеу жүргізетінін мысал етті.

Талқылау барысында Мәжілістің Экономикалық реформалар және аймақтық даму комитеті ел Үкіметтің атына техникалық регламенттердің сақталуын бақылау функциясын бірыңғай уәкілетті органға міндеттеу туралы ұсыныс әзірледі, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Хабарламаларға жазылу