Ресейде бес сайлау учаскесі ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейде бес сайлау учаскесі ашылады

17.03.2023

Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына шетелде уақытша тұрып жатқан Қазақстан азаматтары да қатыса алады. Ол үшін 62 мемлекетте 77 сайлау учаскесі ашылады. Ресейде барлығы 5 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Олар Мәскеу, Санкт-Петербург, Астрахань, Қазан және Омбы қалаларында орналасады. Барлық сайлау учаскелерінде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға да жағдай жасалмақ. Қазір дайындық қызу жүріп жатыр.

Индира Бегайдар

Хабарламаларға жазылу