Республикада 10 мыңнан астам сайлау учаскесі құрылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Республикада 10 мыңнан астам сайлау учаскесі құрылды

20.11.2022

Бүгін еліміз үшін тарихи күн. Тәуелсіз Қазақстан жылнамасында жетінші мәрте Президент сайлауы өтіп жатыр. Бүгін ел халқы өз таңдауын жасап, алдағы жеті жылға Мемлекет басшысын сайлайды.

Қазақстандықтар дауыс беру үшін республикада 10 мыңнан астам сайлау учаскесі құрылды. Басым бөлігі жұмысын бастап кетті. Ал елдің батыс өңіріндегі учаскелер 1 сағаттан кейін ашылады. Жалпы сайлауға қатысу құқығы бар азаматтардың тізіміне 18-ге толған 12 миллионға жуық дауыс беруші тіркелген. Сайлау учаскелері кешкі 20:00-ге дейін жұмыс істейді.

Данияр Қайыртай

Хабарламаларға жазылу