Шымкентте 6 айға жететін азық-түлік қоры жасалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте 6 айға жететін азық-түлік қоры жасалды

10.01.2022

Шымкент қаласында тұрғындарды күнделікті қажет азық-түлікпен ұдайы қамту мақсатында жұмыстар жүріп жатыр. Қазір қаладағы 40 сауда орнында тауарлар әлеуметтік бағада сатылып жатыр. Сауда желілеріне тұрақтандыру қорынан тауар жеткізу үшін 5,7 млрд теңгенің қаражаты бөлінген. Қордағы азық-түлік 6 айға жетеді. Қазір барлық дүкенде халық көп тұтынатын нан, сүт, ет, жұмыртқа өнімдерінің түр-түрі сөрелерде самсап тұр. Бағасы да қолжетімді. Сауда орталықтарында тауарларды жапа тармағай сатып алып жатқан дүрбелең байқалмайды. Құзырлы мекемелер бағаның негізсіз өспеуін қадағалауға алды.

Әбунасыр Жанбатыр, Шымкент қаласы Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы басшысының орынбасары:

Кедергісіз тауармен қамтамасыз ету жолға қойылған. Ешқандай жеткіліксіз, дефицит деген жоқ бізде. Бұл жерде негізгі азық-түлік көкөніс, ет, сүт өнімдері, жұмыртқа басқа да өнімдер, бізде өндірілетіні бар, сырттан әкелінетіні бар барлығын толық қамтамасыз етеді.

Ғани Қалмаханов


Хабарламаларға жазылу