Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысының әкімін қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысының әкімін қабылдады

14.03.2023

Мемлекет басшысы Алматы облысының әкімін қабылдады. Марат Сұлтанғазиев Президентке өңір экономикасының өсімін қамтамасыз ету, халықтың тұрмыс сапасы мен табысын арттыру, сондай-ақ жаңа облыс орталығын дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысы туралы есеп берді. Әкім көктемгі егін егу жұмыстарына, саяжай алаптары жөніндегі түйткілдердің шешілуіне, инженерлік инфрақұрылымның реконструкциясына және ауыл шаруашылығы мақсатындағы игерілмей жатқан жерлерді мемлекетке қайтаруға қатысты мәселелер туралы айтты. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев облыс әкіміне орталық мемлекеттік органдармен бірлесіп, Қонаев қаласын дамыту жоспарын пысықтау жөніндегі жүйелі жұмыстарды жалғастыруды тапсырды.

Марат Сұлтанғазиев, Алматы облысының әкімі:

Мемлекет басшысына былтырғы жылдың нәтижелері бойынша баяндадым. Жалпы экономикалық көрсеткіштер оң динамикалы. Су тасқыны ойынша, алдын-алу жұмыстарын бойынша баяндалды. Қонаев қаласы бойынша кешенді жоспар даярлау бойынша тапсырма берілді.

Серік Селеубай

Хабарламаларға жазылу