Құтқарушыларға қосымша ақы төленеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Құтқарушыларға қосымша ақы төленеді

14.03.2023

Еліміздегі құтқарушыларға жұмыстағы қауіп-қатер үшін қосымша ақы төленетін болады. Үкімет осындай Қаулы қабылдады. Яғни, бұдан былай төтенше жағдай қызметкері денсаулығына немесе өміріне қауіпті операцияларға аттанатын болса, жалақының 70 пайыз мөлшерінде үстемақы алып отырады. Ол жедел-құтқару жасағы, Республикалық жедел-құтқару жасағы, Апаттар медицина орталығы мен «Қазселденқорғау» қызметкерлеріне төленеді. Жалпы алғанда екі мыңнан астам құтқарушы қосымша ақы алмақ. Қаулы жыл басынан бері болған барлық қауіпті операцияларға қатысты болмақ.

Айя Мүтәлі

Хабарламаларға жазылу