Германияның Берлин, Бремен және Гамбург әуежайларында ұшақтар әуеге көтерілген жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Германияның Берлин, Бремен және Гамбург әуежайларында ұшақтар әуеге көтерілген жоқ

13.03.2023

Германияның Берлин, Бремен және Гамбург әуежайларында ұшақтар әуеге көтерілген жоқ. Бұған терминал қызметкерлерінің ереуілі себеп. Наразылық акциясына байланысты 100 мыңдай жолаушы діттеген жеріне бара алмаған. Әуежай қызметкерлерінің басты талабы - жалақыны өсіру, қосымша жұмыс сағаттары үшін ақы төлеу, еңбек демалысын дұрыс ұйымдастыру. Кәсіподақтар талаптары орындалмайынша, ереуілді жиі өткізуге бел буып отыр. 

 Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу