Ресей армиясы Украинаның Луганск және Донецк облыстарын алуға әрекеттеніп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресей армиясы Украинаның Луганск және Донецк облыстарын алуға әрекеттеніп жатыр

27.04.2022

Ресей армиясы Украинаның шығысындағы Луганск және Донецк облыстарын алуға әрекеттеніп жатыр. Бұл аймақтарда соңғы тәулікте кескілескен шайқас тіпті күшейді.

Киевтің мәлімдеуінше, Украина қарулы күштері қарсы жақтың майдан шебін бұзуына мүмкіндік бермей, қорғанысты сәтті ұстап тұр. Сонымен қатар, Ресей әскері Запарожье, Херсон облыстарына да шабуыл жасауға тырысқан. Запарожьеде Ресейдің соққысынан бір кәсіпорын қираса, Одесса облысында автомобиль-теміржол көпірі құлады.

Берлин Украинаға 50 танк жөнелтетін болды

Ал, Германияның Рамштейн әскери базасында 40 елдің қорғаныс министрлері бас қосты. Оның негізгі қорытындысы сол – Германия Украинаға көмекке «Гепард» деген 50 танкісін жөнелтетін болды. Ол ұшаққа қарсы зымырандармен жабдықталған. Ал, Нидерланды Киевке гаубицаларын аттандырмақ.

Жиында НАТО мен Еуропа одағының өзге мемлекеттері де Украинаны әрі қарай қаруландыруға уағдаласты. Ал, Британия Батыс державаларын посткеңестік елге әскери ұшақтар ұсынуға үндемек.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу