Технология дамыған ғасырда жастар тәрбиесі ұлттық құндылықтармен емес, әлеуметтік желімен уланып жатыр. Есесіне, еркек пен әйел арасындағы сыйластық азайған. Осылай деген бір топ ата-ана, Алматыда «Анаға мың тағызым. Ұлы даланың ұлы қыздары» атты мәдени-ағарту шарасын өткізді. Мақсат – қазақ қыздарының мәртебесін көтеру. Ұйымдастырушылардың айтуынша, ұлттық тәрбие ұмыт болып бара жатыр. Осылайша, қоғамдық ұйым өкілдері халықты ұлттық болмысымызды жоғалтпауға шақырды. .
Бағила Балтабаева, «Қазақстан ата-аналар одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің бірлескен құрылтайшысы:
Өзіміздің қаншама тұлғалы қыздарымыз болған. Қайсар аналарымыз болған, сол аналарымыздың барлығы аты өшіп, ұмыт болып қалды. Осы жерден жастарымыздың 10 қыз осы жерден тәлім-тәрбиені, саналы дүниені санасына қондырып дән егіп кетсе алдағы уақытта дәні жемісін береді.
Қуан Нұрақын