Алматыда «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» атты конгресс өтті

26.10.2020

Алматыда алғаш рет тіл конгресі ұйымдастырылды. «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» тақырыбында өткен жиынға тіл жанашырлары, этномәдени және жастар бірлестігі өкілдері қатысты. Форумда мемлекеттік тілді еркін меңгерген өзге ұлт өкілдері тәжірибесімен бөлісті. 

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту туралы ұсыныстарын ортаға салды. Президент тапсырмасымен тіл саясатын іске асырудың 2020-25 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қазақ тілін латын әліпбиіне кезең-кезеңімен көшіру жұмыстары жүйелі жүргізіліп келеді.

Икрам Хашимжанов, Қазақстан өзбектері «Дустлик» қауымдастығының төрағасы: 
Ахмет Байтұрсыновтың бір жақсы сөзі бар: «Өз тілін жоғалтқан халық өзін де жоғалтады»,-дейді. Сондықтан әрбір ел, халық тілімен тарихта қалады. Біз ел боламыз десек, мемлекеттік тілді дамытуымыз керек. Мәртебесін арттыруымыз керек.

Жазира Оразқызы

Рухани жаңғыру тіл конгресі Алматы мемлекеттік тіл

Хабарламаларға жазылу