Электр энергиясын үнемдеу үшін Бельгия королінің сарайында жөндеу жұмыстары жүріп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Электр энергиясын үнемдеу үшін Бельгия королінің сарайында жөндеу жұмыстары жүріп жатыр

09.03.2023

Электр энергиясын үнемдеу үшін Бельгия королінің сарайында жөндеу жұмыстары басталды. XIX ғасырдың басында салынған ғимараттың шамдары қуатты көп жейтін көрінеді. Сондықтан патша көне шамдарды тоқты үнемдейтін диодты лампаларға ауыстыруға, ғимараттың төбесіне күн панельдерін орнатуға бұйрық берген. С

арайдың тозығы жеткен 700 терезесінің орнына жылуды ұстап тұратын қосқабатты пластик терезелер қойылмақ. Екі жылға созылатын құрылыс жұмыстарына 6 млн еуро жұмсалмақ.

Лоран Вриждахс, құрылысқа жауапты компанияның жетекшісі:

Бұл өте жауапты іс. Жөндеудің арқасында сарайдың энергияны тұтынуы 20 пайызға қысқарады. Жылумен жабдықтау қондырғыларын ауыстырсақ жылу да едәуір үнемделеді. Қазір энергетикалық дағдарысқа төтеп берудің басты қаруы - осы.

Нұрсұлу Қасым


Хабарламаларға жазылу