Солтүстік Қазақстанда жылу қазандықтары қалпына келтірілуде
Солтүстік Қазақстанда жылу-электр орталығында жөндеу жұмыстары әлі жалғасып жатыр.
Кеше өңірдегі жылу орталығында ірі апат болып, 145 елді мекендегі 37 мыңнан астам абонент жарықсыз қалған болатын. Тәулік бойы жұмыс істеген мамандар түнгі 10-да ғана тұтынушыларға электр энергиясын берді. Жағдай тұрақталғанымен жөндеу жұмыстары әлі де жалғасуда. Мамандардың айтуынша 12 қазандықтың әзірге 7-і жұмыс істеп тұр.
Бақыт Iлиясов, СҚО Энергетика және тұрғын-үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы:Өңір электр қуатынсыз қалады деген қауіп жоқ. Бүгін тұтынушылардан ешқандай шағым түспеді. Барлығына жарық берілді. Қазандықтың істен шығу себептері анықталуда. Жылу-электр орталығына модернизация керек. Ұзақ жылдардан бері ағымдағы жөндеу жұмыстары ғана жасалып келеді.
Эльмира Кәленова
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ресейге адыраспан апарғандар өмір бойғы жазаға кесілуі мүмкін
12.02.2026, 13:18
UAE SWAT Challenge: Қазақстан құрамасы жеңіске жетті
12.02.2026, 13:15
Жаркент мешітіне келетін туристер көбейді
12.02.2026, 13:12
Қарағанды облысында 10 мектептің құрылысы аяқталған
12.02.2026, 13:09
Ресей халқының несие қарызы ₽1,65 триллионға жетті
12.02.2026, 13:06
Түркістан облысында алимент төлеушілердің мәселесі талқыланды
12.02.2026, 13:03
Жаңа Конституция жобасы: Әр бапқа жүзден аса ұсыныс түскен
12.02.2026, 13:00
Былтыр Италияға 185 млн турист келген
12.02.2026, 10:33