Малайзияда тасқын салдарынан 40 мың адам көшірілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Малайзияда тасқын салдарынан 40 мың адам көшірілді

04.03.2023

Малайзияның оңтүстігіндегі Джохор штатында жаңбыр соңы алапат тасқынға ұласқан. 40 мыңдай адам қауіпсіз жерге көшірілді. Табиғи апаттан 4 тұрғын қаза тапқан. Талай үй мен жолдарды су басып, көлік қатынасы тоқтады. Қазір зардап шеккен халық үшін жүздеген шатыр тігіліп жатыр. Малайзия Метеорология департаментінің хабарлауынша, бүгін де осы аймақтың бірнеше ауданында жауын жауып, тасқын күшеюі мүмкін.

Мұхаммед Нұр, эвакуацияланған тұрғын:

50 жылдан астам өмірімде білетінім – бұрын біз қараша-желтоқсан айларында ғана жаңбырлы маусымға үнемі дайындалатынбыз. Әр үйдің қайығы болды. Ал, қазір ауа райын болжау мүмкін емес болғандықтан, ештеңеге дайын емеспіз. Айналада бей-берекетсіздік.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу