Ақмола облысының тұрғыны көршісінің 20 млн теңгесін ұрлап кеткен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысының тұрғыны көршісінің 20 млн теңгесін ұрлап кеткен

03.03.2023

Ақмола облысының тұрғыны көршісінің үйінен 20 миллион теңге ұрлап кеткен. Жәбірленуші ол ақшаны бір жыл бойы жинап, жатын бөлмесінде сақтапты. Мұны білген көршісі кілттің көшірмесін жасап, пәтерге есікті бұзбай кірген. Осылайша үйде ешкім болмаған кезде қомақты қаржыны жымқырған. Сондай-ақ, тәртіп сақшылары тұрғындарды қорқытып, ақша бопсалаған 25 жастағы азаматты да қолға түсірді. Ол өзінен жасы кішілерге қоқан лоқы көрсетіп, онлайн несие рәсімдеуге мәжбүрлеген. Онымен қоймай Көкшетау қаласында тұратын жеке кәсіпкерден 1,5 млн теңге бопсалаған. 

Хабарламаларға жазылу