Басты Жаңалықтар Борышкер онлайн өтініш беруіне болады

Борышкер онлайн өтініш беруіне болады

Банкроттық жариялау қызметі eGov.kz және eGov Mobile қосымшасында қолжетімді. Өтінішті борышкердің өзі ғана бере алады. Бірақ, алдымен мына мәліметтерді тексеру керек:

- банктер, микроқаржы ұйымдары, коллекторлық агенттіктер алдындағы берешек 5,5 млн теңгеден аспауы тиіс және мерзімі кемінде 12 ай болуы керек;

- ортақ меншікті мүлікті қоса алғанда мүліктің меншік құқығында болмауы;

- банктің немесе микроқаржы ұйымының шарт талаптарын өзгертуден бас тарту туралы жауабын ұсыну керек

- егер қарыз 5 жылдан артық өтелмесе, онда аталған шарттың бірде-бірі ескерілмейді;

- Атаулы әлеуметтік көмек алушылары саналатын борышкерлер 6 ай бойы осы рәсімді қолдану үшін мерзімі өтіп кеткен уақытты есепке алмай өтініш бере алады;

- мобильді азаматтар базасында борышкер мен жұбайының телефон нөмірінің тіркелгенін тексеру керек.


Бөлісу