Мәжіліс депутаты Зүлфия Сүлейменованың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәжіліс депутаты Зүлфия Сүлейменованың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды

14.03.2022
Мәжіліс депутаты Зүлфия Сүлейменованың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Зүлфия Сүлейменованың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.

«ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Зүлфия Болатқызы Сүлейменова міндеттерін атқарудан өз еркімен босату туралы өтініш берді. Осыған орай Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы сіздердің назарларыңызға ҚР Конституцияның 52-бабына, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық Заңның 24-бабы 3 және 8-тармақтарына сәйкес, Мәжіліс депутаты З. Сүлейменованың өтініш беруіне байланысты оның өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселені шеші үшін ұсыным енгізіп отыр», - деді ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавхат Өтемісов.


Хабарламаларға жазылу