Зейнетақы жинағын алуға өтініш беретін онлайн-платформа әзірленді

08.01.2021

Зейнетақы қорындағы ақшаны алу үшін онлайн өтініш беретін сайт дайын. Жинақты үлестіруге жауапты «Отбасы банктің» хабарлауынша, ол алдағы апта іске қосылуы тиіс. Оған дейін Үкіметте арнайы қаулыға қол қойылуы керек. Одан кейін өтініш беру басталмақ. 

Айта кетейік, қордағы ақшаны баспанаға немесе емделуге деп алуға болады. Қаржы қолға берілмейді. Арнайы шотқа түсіп, кейін көрсетілген мақсатқа сай, банкке немесе емдеу мекемесіне аударылады. Жинақтың бір бөлігі түсетін шотты «Отбасы банкінен» онлайн ашуға болады.

Досжан Маратұлы

Зейнетақы жинағын пайдалану

Хабарламаларға жазылу