Жұматай Әлиев Орталық сайлау комиссиясына құжаттарын тапсырды

28.04.2019

Елімізде 9 маусым күні болатын кезектен тыс президенттік сайлауда бақ сынау үшін ұсынылған үміткерлер саны 9-ға жетті. Жоғарыда айтқан 8 үміткеріміздің қатары бірнеше сағат бұрын тағы бір адаммен толықты. Қолданыстағы заңға сай, бүгін кешкі сағат 18:00-де Орталық сайлау комиссиясы құжат қабылдауды тоқтатты. Бүгін соңғы болып «Халық демографиясы» қоғамдық бірлестігі Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде Жұматай Әлиевтің құжаттарын өткізді. Енді мамырдың 11-не дейін кандидаттардың Ата заңда көрсетілген талаптарға сәйкестігі анықталып, одан өткендері қол жинайды.

Хабарламаларға жазылу