Сайлау-2023: Пікірсайыста партия өкілдері қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сайлау-2023: Пікірсайыста партия өкілдері қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылады

02.03.2023

Ұлттық арнаның эфирінен өткен пікірсайыста партия өкілдері қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылады.

Мәжіліс сайлауына қатысатын партиялар арасындағы пікірсайысқа «Amanat» партиясынан Елнұр Бейсенбаев, «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясынан Жигули Дайрабаев, «Respublica» партиясынан Сырымбек Тау, Қазақстан Халық партиясынан Асхат Асылбеков, «Байтақ» жасылдар партиясынан Азаматхан Әміртаев, «Ақ жол» демократиялық партиясынан Берік Дүйсембинов, ал Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан Нұрлан Әуесбаев қатысты. Сөз жарысы 4 кезең бойынша өрбіді. Біріншіде - кандидаттар әлеуметтік-экономикалық бағыттар бойынша ұсынысын айтты. Екінші кезеңде - саяси ұйым өкілдері арасында қызу дискуссия өтті. Ал, үшінші кезеңде 2 минут ішінде сайлауалды тұғырнамасының үш негізгі бағытына тоқталды. Соңғы кезеңде партия өкілдері сайлаушыларға үндеу жасады.

Азамат Бейбітұлы

Хабарламаларға жазылу