Биыл республикалық бюджеттің шығыстары 2 триллион 200 миллиард теңгеге артпақ
Биыл республикалық бюджеттің шығыстары 2 триллион 200 миллиард теңгеге артпақ. Мұндай мәлімет 2023-жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау туралы заң жобасын Сенатта таныстыру кезінде айтылды. Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбековтың сөзінше президенттің сайлауалды бағдарламасы мен жолдауда берген тапсырмаларын іске асыру үшін шығыстарды арттыруға тура келген. 800 миллиард теңге Ұлттық қордан алынбақ. Қосымша бөлінетін бұл қаржыға ауылдарға су тартып, өңірлердің инфрақұрылымын арттыру, жылу желілерін жаңғырту көзделген. Білім мен денсаулық сақтау саласын дамытуға және өзге де бірнеше бағытқа қомақты қаражат жұмсалады.
Дәурен Темірбеков, ҚР Қаржы вице-министрі:
Көлік инфрақұрылымы мен логистиканы дамытуға 373 млрд теңге бағытталатын болады. Армияны жаңғыртуға және әскери қызмет жағдайларын жақсартуға қосымша 95 миллиард теңге берілетін болады.
Досжан Маратұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Басты дебат – 2026» өз мәресіне жетті
19.08.2026, 23:05
Ертеңнен бастап ұялы байланыс саласында жаңа талаптар күшіне енеді
19.08.2026, 20:09
ПИК қайта тіркеуден өтпесе, үйді кім басқарады?
19.08.2026, 20:07
Құрылтай сайлауына 4 күн қалды
19.08.2026, 20:05
Сайлау күні полиция күшейтілген режимде жұмыс істейді
19.08.2026, 20:05
Партиялардың соңғы теледебаты басталды
19.08.2026, 20:04
eGov GPT: Цифрлық қызметтер саны 150-ге дейін артады
19.08.2026, 20:03
Зейнетақы жинағын түгел инвестициялық компанияларға салуға болады
19.08.2026, 20:02