Қарағанды облысында су тасқынына дайындық тексерілді
Қарағанды облысының аумағындағы Нұра өзенінде мұз жару жұмыстары жүргізіліп, көктемгі су тасқынына дайындық пысықталды.
Аймақта 150-ге жуық елдімекен мен 100-ге жуық автомобиль жолына қызыл судан қауіп бар. Космомониторинг қалыпты ауа-райын көрсеткенімен, күн күрт жылынса жағдай күрделенуі мүмкін. Облыстағы өзендердің кейбірі арнасынан асып тұр. Ең үлкен Нұра өзенінің суы биыл нормадан 1,5 есе жоғары. Ал жердің тоңы орташа есеппен 160 см-ге жуықтайды. Облыс бойынша төтенше жағдайдың алдын алу үшін бюджеттен 3 миллиард теңге бөлінген. Тасқынға тосқын қою үшін 3,5 мыңға жуық адам және 1200 техника тас түйін дайын тұр.
Қаһарман Оразалин, ҚР ТЖМ Төтенше жағдайларды жою департаментінің бастығы:
Былтырғы, алдыңғы жылғы болған су басқан жерлердің анализдерін қарап, сондай қайталанбау үшін іс-шаралар қолданылып жатыр. Нақты қарды шығару, су орындарын тазарту, инерттік материалдарды, дамдарды дайындау, көшіру орындарын дайындау сияқты жұмыстарды атқарып жатырмыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Басты дебат – 2026» өз мәресіне жетті
19.08.2026, 23:05
Ертеңнен бастап ұялы байланыс саласында жаңа талаптар күшіне енеді
19.08.2026, 20:09
ПИК қайта тіркеуден өтпесе, үйді кім басқарады?
19.08.2026, 20:07
Құрылтай сайлауына 4 күн қалды
19.08.2026, 20:05
Сайлау күні полиция күшейтілген режимде жұмыс істейді
19.08.2026, 20:05
Партиялардың соңғы теледебаты басталды
19.08.2026, 20:04
eGov GPT: Цифрлық қызметтер саны 150-ге дейін артады
19.08.2026, 20:03
Зейнетақы жинағын түгел инвестициялық компанияларға салуға болады
19.08.2026, 20:02