Петропавлда волонтерлар жұмысшыларға бауырсақ таратты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавлда волонтерлар жұмысшыларға бауырсақ таратты

02.03.2023

Петропавлда волонтерлар қала көшелерін тазалап жүрген жұмысшыларға ыстық бауырсақ таратты. Күн-түн демей, қолайсыз ауа райына да қарамай еңбек ететін коммуналдық мекеме қызметкерлері үшін бауырсақты жастар өздері пісірген. Оларға ыстық шай да ұсынды. Коммуналдық кәсіпорында 120-дан астам жұмысшы еңбек етеді.

Ербол Қожахметов,  жұмысшы:

Көктайғақ болады, көліктер жүре алмайды. Боран болса, жүре алмай қалады. Кісілер жүретін көше бойындағы тратуарларды  тазартамыз. Таңертеңнен кешке дейін қаланы тазалаймыз.

Әнел Есмағұлова, ерікті:

Олардың жұмыстары оңай емес. Күндіз біз оқуда жүрсек, түнде ұйықтап жатсақ, олар еңбек етіп, өздерінің қызметтерін атқарып жатады. Көп адамдар олардың жұмыстарын бағалай бермейді.


Эльмира Кәленова

Хабарламаларға жазылу