Алматылық волонтерлар 30 мыңнан астам отбасыға көмек көрсеткен
Биыл алматылық волонтерлар мен Қазақстан волонтерлар лигасының өкілдері 30 мыңнан астам отбасыға түрлі көмек көрсеткен. Ал бүгінде 20 мыңнан астам адам тіркелген қоғамдық қорды Айсұлу Ерниязова есімді алматылық волонтер басқарады. Аталған ұйым 2013 жылдан бері көптеген қайырымдылық шара ұйымдастырған. Мәселен, былтыр қолға алынған «Ашық жүрек» жобасы арқылы қайырымды жандар елдің барлық аймағындағы мұқтаж жандарға 8 бағыт бойынша көмек көрсетуде. Сонымен қатар, биыл төтенше жағдай кезеңінде лига өкілдері гуманитарлық көмектің, яғни, дәрі-дәрмек, азық-түлік, киім-кешектің таратылуына атсалысты.
Айсұлу Ерниязова, «Қазақстан волонтерлар лигасы» қоғамдық қорының төрағасы:
Волонтерлар жылы жарияланғанына шын қуаныштымыз. Көптеген ауқымды бастама жүзеге асты. Атқарылған жұмыстарымызбен мақтана алдық. Алға қойған мақсатымызға жету үшін, волонтер қызметінің маңыздылығын арттыру үшін аянбай еңбек етуге әзірміз.
Нұрхан Нұрланұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы Конституциялық реформа жөніндегі комиссияны құру туралы Жарлыққа қол қойды
21.01.2026, 21:56
Жастар құрылтайда көтерілген бастамаларды қолдап отыр
21.01.2026, 21:11
«Оң өзгерістер болашағымызға зор ықпалын тигізеді»
21.01.2026, 20:29
«Ұлттық цифрлық мұра» қоры әзірленбек
21.01.2026, 20:26
Ақтөбеде шаруалар малдың санына емес, сапасына көңіл бөле бастады
21.01.2026, 20:22
Әлемнің өзекті және қызықты жаңалықтарына қысқаша шолу
21.01.2026, 20:20
Бір палаталы Парламентке көшу - әлемдік тәжірибедегі тиімді модель
21.01.2026, 20:17
Елімізде 33 миллиард тоннаға жуық көмір қоры бар
21.01.2026, 20:12