Басты Жаңалықтар Қазақ радиосында 10 сағаттық радиомарафон өтті

Қазақ радиосында 10 сағаттық радиомарафон өтті

Қазақ радиосында таңнан бері мерекелік көңіл күй. Ерекше аура. Алғыс айту күніне орай қызықты радиомарафон өткізіп, тыңдармандарын қуантты.

Дыбыс режиссерінің командасынан кейін 10 сағаттық марафон басталды. Таңғы 9-дан кешкі 8-ге дейін тікелей эфирде хабар таратты, жақсылық жасап алғысқа бөлінген түрлі кейіпкерлермен, ерекше кәсіп иелерімен, өнерпаздармен сүбелі сұхбат құрып, әуезді әндер шырқалды. Тіпті Түркияға барған құтқарушыларымыз да марафонға қатысты, тыңдармандардың алғысын алды. Солардың бірі Азамат Жұмабаев.

Азамат Жұмабаев, құтқарушы:

Бүгінгі мереке құтты болсын. Ең бастысы ата-анама, ағаларыма, әріптестеріме. Жұртымыз тыныш, еліміз аман болсын. Болған оқиға елімізде болмасын.

Айта кетейік бұған дейін өткен төрт қайырымдылық радиомарафонында қаржы жиналып, мұқтаж жандарға берілетін. Бұл жолы форматқа өзгеріс енген.

Қымбат Досжан, радиомарафон жүргізушісі:

Биылғы формат сол 4 жыл бойы бізге көмектескен жандарды шақырып, соларға алғыс айту. Және сол біздің көмегімізбен аяқтарын тең басып кеткен балалардың ата-анасының жүзіндегі күлкіні көру, солардың аузынан алғыс есту.

Сондай-ақ радио қызметкерлері мереке күні керісінше тұрақты тыңдармандарына хабарласып, алғыстарын айтты.

Досжан Маратұлы


Бөлісу