Бүгін әр салада аянбай еңбек етіп жүрген мамандық иелеріне алғыс айтатын күн. Әсіресе, жаздың аптап ыстығы мен қыстағы ақ қар, көк мұзына қарамастан жұмыс істейтін қаланың тазалығына арды жазда қоқыстан,қыста қар мен мұздан арылтатын тазалық қызметкерлерін ерекше атағымыз келеді. Осындай қарапайым, қарапайым болса да үлкен жауапкершілік арқалап жүрген жандарға тұрғындар да алғыстарын жолдаған еді.
«Рахметтен басқа айтарымыз жоқ. Қиын жұмыс. Ертелі кеш боран, шашынды далада жүреді. Еңбектері көп. Оларға да рахмет айтамыз!»
«Қаланы дұрыс, таза ұстап, өздерінің күштерін салып жұмыс істеп жатқан жұмысшыларға өзім алғысымды білдірер едім. Бүгін бірінші наурыз болғасын. Алғысым шексіз!»
«Айлық көтерсін, қадірлесін оларды да, еңбегін. Соған мың алғыс айтамын оларға! Ешқандай оқыс жағдай болмасын, жол таза болсын. Экологиямыз жақсы болады, қала таза болса».
«Оңай емес. Күні-түні істеп жатыр. Сағат төртте тұрсаң, төртте машиналар жүр. Бесте тұрсаң, бесте тракторлар дырылдап өтіп кетеді. Оларға алғыс айтамын. Дендері сау болсын! Өмір жастары ұзақ болсын! Жұмысы алға жүре берсін!»
«Нағыз еңбек осылардікі. Таң атпай тұрады, қаланы тазартады. Халықтан ғой, халық өздері бәрін тастап кетеді. Бұлар соны тазалайды. Рахмет бұлардың еңбектеріне. Алла жемісін берсін! Дендеріне саулық тілеймін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!»
«Қайта-қайта басымды иіп рахмет айтар едім. Өте қиын. Аязды күні бұлар жұмыс істейді. Боран күні жүреді».