Ресейдің Иваново облысында 100-ге тарта қазақ тұрады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейдің Иваново облысында 100-ге тарта қазақ тұрады

02.06.2015
Ресейдің Иваново облысында 100-ге тарта қазақ тұрады

Ресейдің Иваново облысындағы қазақ диаспорасы қала күні қарсаңында бірқатар мәдени шаралар өткізді.

Соның аясында қаладағы Ұлттар үйінде Кеңес одағының екі мәрте батыры Талғат Бегельдинов туралы деректі фильм көрсетілді.

Сонымен қатар, қаланың қақ ортасынан қазақтың киіз үйі тігіліп, ұлттық дастарханы жайылды.

Бір шаңырақтың астында бас қосқан жергілікті тұрғындар ұлтымыздың дәстүрі мен тарихы туралы жан-жақты ақпарат алып, ұлттық тағамымыздан дәм татты.

Иваново облысында 100-ге тарта қазақ тұрады. 

 

Нұртас СОЛТАНҰЛЫ

 

 

Хабарламаларға жазылу