Экология министрі ит етін сату оқиғасына қатысты пікір білдірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Экология министрі ит етін сату оқиғасына қатысты пікір білдірді

28.02.2023

Экология және табиғи ресурстар министрі Астанада ит етін сату оқиғасына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, олар бұл мәселені құзырлы органдармен бірлесіп зерттегелі жатыр. Сонымен қатар, қоғам белсенділерімен арнайы заңға өзгеріс енгізуді талқыламақ. Бұл туралы Зүлфия Сүлейменова Үкіметте тілшілерге берген сұхбатында айтты.

Зүлфия Сүлейменова, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі:

Ит етіне қатысты мәселені зерттеп жатырмыз. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау тарапынан тексеру жүргізілуі керек. Оған қоса заңнаманы бұзу фактісі бойынша полиция тарапынан шаралар күтілуде. Сонымен қатар, Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы заңға қолайлы тетіктер әзірлеу үшін зооқорғаушылармен және азаматтық қоғамның басқа да өкілдермен кеңесеміз.


Хабарламаларға жазылу