Сардоба су қоймасына халықаралық және қазақстандық сарапшылардың қатысуымен техникалық аудит жүргізілмек

17.05.2020

Еліміздің Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Өзбекстан Республикасының су шаруашылығы министрі Шавкат Хамраевпен Шымкентте кездескен, талқыланған басты тақырып – Сардоба су қоймасының тағдыры.  

«Келіссөздер барысында Сардоба су қоймасы бойынша шешімді бірлесе қабылдау туралы мәмілеге келдік. Су қоймасына халықаралық және қазақстандық сарапшылардың қатысуымен техникалық аудит жүргізіледі. Оның қорытындысы бойынша, Сардоба су қоймасының тағдыры шешіледі», - деп пікір білдірді кездесу қорытындысы жайлы Қазақстанның министрі.

Сонымен қатар, тараптар трансшекаралық су қоймаларын басқару, пайдалану мен күзету істерін бірлесе жүргізу үшін үкіметаралық келісім әзірлеуге келіскен. 15 маусымға дейін Су қатынастары саласындағы ынтымақтық бойынша жол картасын бекітуге де уағдаласқан.

Өткен аптада біз Сырдарияның трансшекаралық өзен екенін, оны пайдалануда «өзімбілемдікке» салу халықаралық келісімдерге қайшы екенін айтқанбыз. Өзбекстан Сардоба су қоймасын да басқалармен келісіп барып салуы керек етін. Ал олардың ақылдаспақ тұрмақ, сұрақтарға құлықсыз жауап бергенін Экология, геология, табиғи ресурстар вице-министрі С.Громов айтқанын хабарлағанбыз. Ал су мамандары тіпті естімеген де...

Бөгет жарылғаннан кейінгі әрекеттерге қарасақ, «тонның келте болып шықпауы» неге байланысты екенін мойындаған сияқты көрінеді.

Ғани ҚАЛМАҚАН


Хабарламаларға жазылу