Көне жәдігер ел басқарған тұлғаға тиесілі – ғалымдар
Ортағасырлық Сарайшық қалашығындағы хан зиратынан табылған барқыт матаның ел басқарған тұлғаға тиесілі екені анық. Жәдігерге зерттеу жүргізген ғалымдар осындай қорытынды шығарды. Мата Осман империясының өндірісінен шыққан. Әрі алтын, күміс жіптермен өрнектелген. Ал, қабірдегі сүйек 1493 жылы жерленген. Оны Латвиядағы белгілі лаборатория растады. Бұл көне Сарайшықтың қойнауындағы құпияның бір парасы ғана. Шаһарды кешенді зерттеудің 5 жылдық тұжырымдамасы әзірленген. Қазір қаланың қорғауға алынған аумағы 92 гектарға дейін ұлғайды. Айта кетейік, ғалымдардың назарына іліккен хан моласында, Қасым хан жерленуі мүмкін деген болжам бар.
Әбілсейіт Мұқтар, Сарайшық мемлекеттік тарихи мәдени қорығының директоры:
Ғалымдардың айтуы бойынша бұл бархат матасы сол замандағы ел билеушілердің кию дәстүріне айналған. Енді біздің түсінігімізде осы хан моласында жатқан тұлға бұл жәй тұлға емес сол 15-16 ғасырдағы ел басқарған тұлға екендігі түсінікті.
Жандос Темірғали
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құлсарыда жаңа теміржол вокзалы ашылды
21.10.2026, 17:25
Ақмола облысының жастары саятшылыққа әуес
21.10.2026, 17:20
60 велошабандоз көк байрақпен Алматыны шарлады
21.10.2026, 17:19
«Атамекен» әнін 460 оқушы бірге шырқады
21.10.2026, 17:18
Республика күніне орай сауда орталықтары акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 17:17
Жамбылдық зейнеткер құс өсіріп, табыс тауып отыр
21.10.2026, 17:15
Елордалық цирк маңайы абаттандырылды
21.10.2026, 17:13
Петропавлда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында 100 көшет егілді
21.10.2026, 17:12