Есірткі жарналмалайтын 2 мыңға жуық сайттың жұмысы шектелді
Сотталушы:
Тауар жеткізуші керек деген хабарламаны байқап қалдым. Осы қызмет үшін жоғары жалақы төлейміз деген соң қызыға кеткем. Сөйтіп телеграм арқылы байланысқа шықтым. Олар жұмыс істеу тәртібін түсіндіріп берді. Осылайша курьер атандым. Дайын есірткілерді әртүрлі жерге жасырып, фотосын операторларға жіберіп отырдым. Ал олар клиенттерге жолдайды.
Бұл есірткі тасу және сақтау фактісі бойынша ұсталған жасөспірімдердің бірі. Былтыр дәл осындай қызметпен айналысқан 25 кәмелетке толмаған жас тұтқындалған. Есірткі диллерлері оларды жарнама сайттарына хабарландыру беру арқылы жұмысқа тартқан. Аз уақытта көп ақша тауып, кез келген уақытта кете аласың деген сөзге сенгендер енді қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатыр.
Данияр Орал, ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті басқармасының жедел уәкілі:
Қылмыстық жауапкершгілік 14 жастан басталады. Және есірткіні заңсыз сақтау, оны тарату қылмыстық кодекске сәйкес ауыр, аса ауыр саналады. 3 жылдан 7 жылға дейін. Бұл сақтау, яғни 296 бап Қылмыстық кодекстің. 297 баспқа сәйкес оны тарату, жасыру деректері бес жылдан өмір бойына дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Былтыр есірткі жарнамалаумен айналысатын 1996 сайттың жұмысына шектеу қойылып, 1493 бұғатталған. Биыл 179 парақшалар мен сайт шектеуге жіберіліп, 69 бұғатталды. Жалпы жыл басынан бері есірткі заттың заңсыз айналымына қатысты 420 қылмыс анықталған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құлсарыда жаңа теміржол вокзалы ашылды
21.10.2026, 17:25
Ақмола облысының жастары саятшылыққа әуес
21.10.2026, 17:20
60 велошабандоз көк байрақпен Алматыны шарлады
21.10.2026, 17:19
«Атамекен» әнін 460 оқушы бірге шырқады
21.10.2026, 17:18
Республика күніне орай сауда орталықтары акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 17:17
Жамбылдық зейнеткер құс өсіріп, табыс тауып отыр
21.10.2026, 17:15
Елордалық цирк маңайы абаттандырылды
21.10.2026, 17:13
Петропавлда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында 100 көшет егілді
21.10.2026, 17:12