Ауа райының қолайсыздығына байланысты солтүстік өңірде бірнеше бағыттағы жолдар жабылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауа райының қолайсыздығына байланысты солтүстік өңірде бірнеше бағыттағы жолдар жабылды

09.12.2016
Үсті-үстіне жауған қар, ақ түтек боран көру мүмкіндігін шектеген. Астана-Бурабай бағытындағы қозғалыс кеше тоқтатылған.
Тасжолдың кейбір бөліктерін қар басып қалған. Тазалау жұмыстары тоқтаусыз жүргізіліп жатқанымен, қозғалыс әлі де қалпына келген жоқ.

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу