Алматыда бағаны тұрақтандыруға 15 млрд теңге бөлінді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда бағаны тұрақтандыруға 15 млрд теңге бөлінді

17.02.2023

Алматыда бағаны тұрақтандыру бағдарламасы бойынша наурызда алғашқы азық-түлік өнімдерін жеткізу басталады. Бұл туралы халықпен кездесуінде шаһар әкімі Ерболат Досаев айтты. Бұл мақсатқа 15 млрд теңге бөлінді. Оның сөзінше, аталған бағыттағы жұмыстар былтыр басталған. Бүгінде қалаға жеткізілетін көкөністердің 75 пайызын қамтып отырған Алтын Орда базарынан бөлек көтерме саудамен айналысатын жеткізушілер пайда болған. Олармен мегаполистегі ірі сауда орындары тікелей жұмыс істеп, баға төмендеген. Одан бөлек «Ақсу» қант зауытымен әкімдік арасында 2,6 млрд теңгеге келісім жасалған. Сондықтан биыл оның құны қымбаттамайды. Нан бағасын бірқалыпта ұстау үшін де жергілікті бюджет есебінен субсидия қарастырылған. Ерболат Досаев азық-түлікке жатпайтын тауарлардың да бағасы бақылауға алынғанын жеткізді.  

Ерболат Досаев, Алматы қаласының әкімі:
Өкінішке қарай, халық тұтытатын, азық түліктік емес тауарлардың бағасы өсуде - бұл факт. Геосаяси жағдайға байланысты көлік логистикасы бұзылды, бірақ бірте-бірте біздің компаниялар түрлі жолдарды іздеп жатыр, жаңа жеткізушілер пайда болды. Бұл мәселені шешу үшін кәсіпкерлерді тартамыз. 

Нұрсұлтан Тілектес 

Хабарламаларға жазылу