Президент Үкіметтің бағаны тұрақтандыруға бағытталған шараларын «тиімсіз» деп атады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Үкіметтің бағаны тұрақтандыруға бағытталған шараларын «тиімсіз» деп атады

14.07.2022

Президент Үкіметтің бағаны тұрақтандыруға бағытталған шараларын «тиімсіз» деп атады. Рас, бағаның өсуіне азық-түлік инфляциясы әсер етіп отыр. Оның деңгейі елімізде 19 пайыздан асқан. Жалпы нарықта азық-түліктің кейбір түрі тіпті бірден 80 пайызға қымбаттады. Үкімет бюджеттен қосымша қаражат бөліп, бағаны тек жасанды түрде реттеп отыр. Бар жауапкершілікті өңірлерге артып қойған. Бізде қымбатшылыққа жол бермеу үшін тұрақтандыру қорлары жұмыс істейді. Алайда азық-түлік бағасын тұрақтандыруға бөлінген 40 млрд теңгеге жуық ақша нәтижесіз жұмсалған. Бұны өткен аптада ғана Жемқорлыққа қарсы агенттік төрағасы айтқан еді. Сондықтан экономистер жеңілдетілген несиені тауардың негізгі өндірушісі кәсіпкерлерге беруді ұсынды.

Бауыржан Ысқақов, экономист:

Неге біз тек ғана сауда орталықтарына ғана жеңілдетілген несие береміз?! Ең бірінші кезекте тауардың негізгі өндірушісі кәсіпкерлерге берілу керек деген пікірім бар. Тауарды өндірушілер жеңілдетілген несие ала отырып, бағаны да көтеріп жіберуге ықтиярсыз болады. Келісімшарт жасалады.


Хабарламаларға жазылу