Түркістанда тарихи ескерткіш тозып барады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістанда тарихи ескерткіш тозып барады

16.02.2023

Түркістан облысының Ордабасы ауданында мемлекет қорғауына алынған тарихи-сәулет ескерткіші тозып барады. Жаңғырту жұмыстары уақытылы жасалмай 3 ғасырлық тарихы бар нысанның күмбездерінен су өтіп, қабырғалары жарыла бастаған. Орта Азия сәулет өнері үлгісімен салынған мешіттің мұндай күйге түскеніне біраз жыл болған. Әсіресе, күмбездерден өткен жауын суы шыдатпай барады. Соның әсерінен кірпіштері үгітіле бастаған. Ғимараттың оң жақ қабырғасына да, сызат түсті. Сәулеттік ескерткіштің осындай жәй-күйін айтып, мәдениет мамандары жылда министрілікке хат жолдаумен келеді.

Ерік Әшірбердиев, Ишан Базар тарихи сәулеттік ескерткішінің сектор меңгерушісі:

Жауын, қардың әсерінен сызаттанып, су кетекн. Мұз болып жарып шыққан. Облицовка ажыраған. Содан күмбіз дефект беріп жатыр. Отырып жатыр. Ең қауіпті екі күмбезді целофанмен жаптық, оны бірақ жел ұшырып, жыртып жіберіп жатыр. 

Тарихи нысан 1803 жылы салынған. Мешітке соңғы рет осыдан 20 жыл бұрын жеке кәсіпкердің демушілегімен жөнеу жүргізілген екен. Содан кейін мұнда ешкім ат-ізін салмаған.

Эльвира Қанатқызы, облыстық Мәдениет басқармасы тарихи-мәдени құндылықтарды сақтау бөлімінің басшысы:

Реставрация жұмысын жүргізетін арнайы мекеме бар. Биыл 2023 жылы сол мекеменің тізіміне министрлік тарапынан енгізіліп отыр. Бұл мәселе осы жылдың жартыжылдығында өз шешімін табады. Обьектіге қайта жөндеу жүргізетін боламыз.



Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу