Қошке Кемеңгерұлының «Қазақ тарихынан» кітабының түпнұсқасы табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қошке Кемеңгерұлының «Қазақ тарихынан» кітабының түпнұсқасы табылды

16.02.2023

Павлодар облысында алаш қайраткері, ғалым, драматург, жазушы Қошке Кемеңгерұлының құнды еңбегі табылды. «Қазақ тарихынан» кітабының түпнұсқасын Железинка ауданының тұрғыны құранмен бірге сақтаған. Туынды 1924 жылы Мәскеуде басылыпты. Беттері толық емес, әбден тозығы жеткен. Кітап өңделген соң музей қорында сақталады. Кезінде Мұхтар Әуезов «тарихтың дәл суретімен танысам деген кісі болса, Қошке Кемеңгеровтің «Қазақ тарихынан» деген кітабын қарап өтсін» деп баға берген екен. Автор аталған еңбегінде қазақ халқының Ресейге қосылуына дейінгі және кеңес үкіметі орнағаннан кейінгі жылдарға шолу жасайды.

Әділбек Әміренов, Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінің ғылыми қызметкері:

Бұл тарихқа байланысты алғашқы зерттеу деп атауымызға болады. Бұның ішінде мазмұны сақталғандықтан ру жайлы, жер жайлы, оқуы жайлы, дін жайлы мәселелердің барлығы түгел көтерілдігін көріп отырмыз.

Болат Аманбаев      

Хабарламаларға жазылу