Қасым-Жомарт Тоқаев мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қасым-Жомарт Тоқаев мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне барды

15.02.2023


Мемлекет басшысы пестицид өндіретін зауытқа барды. Өсімдіктерді зиянкестен қорғайтын заттар, пестицидтер, калий тұзы мен өзге де препараттар шығаратын өндіріс желісі әлемдік стандарттарға сай жұмыс істейді. Экологиялық, өндірістік, санитарлық талаптарды ескере отырып салынған. Құтыдағы бұл сұйықтық – дала еңбеккерлеріне ең қажет өнім. Зиянкестермен күресетін химиялық зат. Былтыр кәсіпорын 41 миллиард теңге болатын 7 мың тоннадай препарат шығарды.

Қасым-Жомарт Тоқаев мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне де барды. Мұнда бокс, еркін күрес, ауыр атлетика, футбол, шаңғы жарысы және самбо секциялары бойынша 1100-ден аса бала жаттығады. Президент өңірдің белгілі спортшыларымен және жаттықтырушыларымен кездесті. Қазақстандық спортшылардың өнерін әрдайым тамашалайтынын және қолдайтынын атап өтті. Ірі жарыстардағы жоғары жетістіктері үшін алғыс айтып, еліміздің имиджін арттыруға қосқан үлесіне тоқталды. Шара соңында Мемлекет басшысы Дүниежүзілік қысқы универсиада чемпионы Бекентай Тұрлыбековке Алғыс хат табыстады.

Асима Нұрбайқызы

Хабарламаларға жазылу