Жамбыл облысында автогаз тапшы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысында автогаз тапшы

13.02.2023

Аймақта сұйық отынды таратумен айналысатын 30-ға жуық станция басшылары соңғы уақытта автогаз көлемі күрт азайды, оның өзін тең бөлмейді деп шағымданды. Осының салдарынан газ құю бекеттері жабылып, 100-ге тарта тұрғын жұмыссыз қалуы мүмкін дейді. Ал облыстық энергетика басқармасының мәліметі бойынша, компанияларға автогаз өткізу механизіміне байланысты бөлінеді. Бұдан бөлек, Шымкенттегі газ өңдеу зауытының бірі жұмысын тоқтатқан. Нәтижесінде облысқа бөлінетін ай сайынғы газ көлемі 1000 тоннаға төмендеген.

Гүлжамал Башығұлова6 жеке кәсіпкер:

Әр компанияның қаншама газ құю станциясы бар. Сол станциясының санына қарай бөлінсе деген ұсынысымызды қаншама рет айтып жатырмыз. Мысалы, менде 25 станция ма, мысалы бір АЭС-ке 20-30 тоннадан қойып, сөйтіп бөлсе деп те бір айға.
 Мәулен Қожақов, облыстық Энергетика және түкш басқармасының бөлім басшысы:

Жақын арада энергетика министрлігі өз бұйрығына өзгеріс енгізуді жоспарлауда.Сол кезде біз тек қана көтерме сауда да есептеуді алған кезде, бұл кісілерге көбірек бөлінеді деп ойлаймыз.

Хабарламаларға жазылу