Ресейде бюджет тапшылығы 2 триллион рубльге жетті. Санкция салдарынан ұлттық валюта құлдырап, жалпы ішкі өнім төмендеді. Елде бірқатар салада жұмыс күші жетпей жатыр.
Индира Бегайдар, тілші:
Қазірдің өзінде тек құрылыс саласында 5 млн жұмысшы қажет. Тұрғын-үй, коммуналдық шаруашылық бойынша 300 мың маман керек. Кадр дефициті күн сайын өсуде. Өйткені елдегі мигранттар да жалақының аздығынан өз мемлекеттеріне кетуде. Қаңтар айында инфляция тағы өскен.
Юрий Павлов, зейнеткер:
Баға тұрақталады деген үмітімізді үздік. Соңғы айларда тіпті ақша жетпей жатыр. Әсіресе біз сияқты зейнеткерлерге қиын. Азық-түлік, көкөніс құны аспандап кетті.
Бюджет тапшылығын жабу үшін Ресей Қаржы министрлігі қаңтарда алғаш рет ұлттық әл-ауқат қорынан 4 тоннаға жуық алтын, 2 миллиард юань сатты. Үкімет бизнестің бюджетке ерікті жарна төлеу туралы ұсынысты талқылап жатыр. Мұндай шаралар бюджеттің рекордтық тапшылығын өтеуге тырысады.
Индира Бегайдар
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ресейде бюджет тапшылығы 2 триллион рубльге жетті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/news/171490/)